39 жастағы әйел арқанға шашымен ілініп тұрудан әлемдік рекорд орнатты (видео)
Видеодан скрин
Америкалық әйел 25 минут шашымен арқанға ілініп тұрып, әлемдік рекорд жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Калифорниялық 39 жастағы цирк әртісі Лейла Нун 25 минут 11,3 секунд шашымен арқанға ілініп тұру арқылы жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд 2011 жылы 23 минут 19 секунд ілініп тұрған Сутхараран Сивагнанатурайға тиесілі еді.
Лейланың рекорды Калифорниядағы Редвуд ұлттық паркінде, табиғат аясында жүзеге асырылды. Әйел 25 минут бойы тігінен ілініп тұрып, тек физикалық күшін ғана емес, сондай-ақ ерекше төзімділігін де көрсетті.
Әйелдің айтуынша, рекордқа дайындалу үшін екі жыл уақыт кеткен. Ол осы уақытта мақсатына жету үшін қажетті физикалық және психикалық төзімділігімен жұмыс істеген.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ