Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"39-ға толғанда өздеріңнің қандай болатындарыңды көремін": Айқын өзін қартайып кеткен деп айыптағандарға жауап берді

Айқын Төлепберген өзін қартайып кеткен деп айыптап жатқан желі қолданушыларына жауап берді. Әнші өз жасына сай екеніна айтып ақталды. 

“Алдындағы постта "қарның шығып кетіпті", "қартайыпсың", "бетің әжім" деп жазған хейтерлерге жауабым. Адам уақыт өткен сайын жасара бермейді. Бәрібір есейеді. Қарным шыққан жоқ. Бетім де жақсы. 39 деген жас үшін жап-жақсымын. Өздеріңіз 39-ға толғанда қанда болатындарыңызд көремін”, – деді әнші. 

Желі қолданушыларының кейбірі әншіні қолдап, пікір жазды. Енді бірі желіде Жұлдызбен сүйіскен суретін жариялады деп сөкті. 

“Сүйіссем өз әйеліммен сүйісіп тұрмын, біреудің әйелімен сүйісіп тұрған жоқпын”, – деп жауап берді әнші. 

“Көзі кіртиіп түк əдемі емес. Сол баяғы көзің жақсы еді. Отаны бекер жасағансың”, “Не жұмысы бар екен олардың “, “Соны айтам 39 жасқа толыңдар, сосын көрерсіңдер”, “Өмірдің заңдылығы солай. Уақытымен есеюде бір бақыт деп ойлаймын”, “Бұрын ер адамдарға үлкен көрінесін десе, қуанып қалатын, ал әйелар жақтырмай қарайтын. Қазір еркектер де ренжиді”, “Керісінше әлдеқайда жас көрінесіз, 40-қа жақындап қалды деп ешкім айтпайды”, “Елдің сөзін қайтесіз ескеріп”, – деп жазды желідегілер. 

Естеріңізге сала кетейік, Айқын осы сұхбатында көзіне блефаропластика жасатқанын мойындаған еді.


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 19 Тамыз, 2021 14:54
Талқылау