350 пластикалық ота жасатқан Барби мен Кен бір үйде тұрады
26-жастағы Стокгольм тұрғыны Пикси Фокс 17 рет, ал 35-жастағы Лос-Анджелес тұрғыны Джастин Джедлика 340-тан аса пластикалық ота жасатқан. Жуырда Джастин үш жыл отасқан күйеуінен ажырасты. Ал Пикси біреумен қарым-қатынасқа түссе, мінсіз әйелге айналу арманы орындалмай қала ма деп қорқады.
Бұл туралы The Daily mail жазған.
Пластикалық отаның қос фанаты қазір бірге тұрып жатыр. Дәл Кен мен Барби сияқты. Екеуін пластикалық хирургияға деген махаббат жақындастырды.
Швециялық Пикси Фокс пен американдық Джастин Джедлика нағыз Барби мен Кен сияқты өмір сүреміз деп ант-су ішкен. Пластикалық отаға деген тәуелділік олардың жеке өмірін мүлдем жоқ қылды.
Пикси 17 пластикалық отадан өтті. Ол алты қабырғасын алдырып тастап, липосакция да жасатқан болатын. Пластикалық рәсімдерді әйел өзін ұнатқан еркектердің қалтасынан төлеген.
Пластикалық оталарға жарты миллион евро жұмсаған мына жастар бір теле-шоудың түсірілімінде танысқан. Бір-бірін көрген сәтте-ақ олар пластикаға деген махаббаттың екеуін біріктіре алатынын түсінген.
Пикси осы жылдың соңына дейін жасанды жамбас пен төс салдыруды жоспарлап отыр. Ол отаны Джастинмен бір уақытта жасатқысы келеді. Осылайша отадан кейінгі қалпына келу процесі жеңілдейтін ұқсайды.
«Біз екеуміз де махаббаттан бас тарттық. Біз пластикалық хирургияға адалмыз және арманымыздағы түр-келбетімізге қол жеткізбейінше, тынбаймыз», — дейді Пикси.
Ал Джастин пластикалық хирургияны жақсы көретін әлемдегі ең тайсалмайтын жан екенін мойындап отыр.
«Адамдар мені БАҚ-тарда жарияланған материалдарға қарап бағалайды және менің бар ойым елдің назарын аударту деп ойлайды. Алайда шын мәнінде олай емес», — дейді Джастин. Бірақ Пикси өз махаббатын кездестіруге әлі де үмітті екендігін жасырмады. «Кейде танысу сайттарына кіретінім рас, алайда олардың пайдасы аз», — деп пікір білдірді ол.
Джастин болса арқасына арналған имплантаттарды өзі жасап шығарған. Алайда көңілінен шықпай жүргендіктен, американдық оларды ауыстырғысы келеді.
Ал Пикси 2013 жылы жігітімен айырылысқаннан кейін пластикалық хирургияға деген тәуелділігі арта түскендігін айтты.
Қос жұп олардың негізгі махаббаты пластика екендігін және алдағы уақытта бірге ота жасатқылары келетінін тілге тиек етті.
Жіберіп алмаңыз:
Пластикалық хирургтар ең мінсіз әйел портретін жасап шықты
Бетіне 100-ден астам пластикалық ота жасатқан бойжеткен фотомодельге айналды (фото)
Айгүл Бабаеваның қызы күйеуіне бола пластикалық ота жасатты (фото)