Бетіне 100-ден астам пластикалық ота жасатқан бойжеткен фотомодельге айналды (фото)

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 13:53

Элисон Мидстокк “Тричер Коллинза синдромы” деп аталатын сырқатпен өмірге келген. Кейін қыз бетіне 100-ден астам пластикалық операция жасатқан.

big_el

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Оның бетіне жасалған санап тауыса алмайтын операциялар, қыздың арманына кедергі келтірмеген. Ол ақыры өзі арман еткен сән шыңына да көтеріледі.

mamampapap

Денис Рик қызды асырап алған кезде, Элисонның өмірге келгеніне небәрі бірнеше апта ғана болған еді. Қыз кішкентайынан жиі ем қабылдап, мектепке де бара алмаған. Дәрігерлер болса Элисонның есту қабілетінің нашарлығы, оның сөйлей алмай қалуына да әсер етеді деген. Бірақ, 5 жасында ол өз отбасымен сөйлесе бастайды.

naked

Тричера Коллинза синдромы — ми арқылы бет-әлпеттің өзгеруіне алып келетін аутосомды-доминантты ауру түрі. Бұл синдром 50 000 сәбидің біреуінде ғана кездеседі. Белгілері: көзің қыли болып, беттің бүлінуі; ауыз, жақ, құлақ көлемінің әдеттегіден басқаша өлшемі. Көптеген жағдайларда – құлақ есту нашарлайды.

Alison Midstokke - Playing at the beach, North Idaho, Sandpoint (Collect/PA Real Life)

“Мен 5 жасқа толғанымда айнаға қарап, үнемі анамнан неліктен түрім жаман деп сұраймынмын”, – дейді Элисон. 8 жасында ол сырт келбеті өзгеріске ұшыраған қыздардың біртіндеп нағыз сұлуға айналған суретін жиі сала бастайды. Басқаша келбетіне қарамастан, Элсион да ешқашан адамдармен араласу, әңгімелесу де қиындық туындаған емес.

545

“Мен көңілді, әңгімешіл бала болып өстім. Иә, бала кезімде мені сыныптастарым туған күн кештеріне шақырмады, бірақ менде әркез жанымда болатын достар болды”, – дейді Мидстокк. 9 жасында оған кезекті рет ота жасайды, сол кезде достары ауруханаға ашық хаттар мен гүл жіберген.

257

17 жасында Элисон ең қиын операциялардың бірін бастан өткерді. Осыдан соң ол мектепке барудан біржолата бас тартты.

Дегенмен қыз 15 жасынан бастап суретші және фотографтармен жұмыс жасай бастаған болатын. Ол сырт келбетіне байланысты туындаған тәуелділіктен арылуға талпынды. Оған модель болу қатты ұнайтын және сол салаға кетуге бел шеше кірісті.

big_el

Қазір Элисонның жасы 31-де. Бірнеше жыл бойы пластикалық хирургия бөлімі – оның екінші үйіне айналып кетті. 2010 жылы толыққанды бет-әлпетіне өзгерістер жасап, есту және көру қабілеттеріне де әсер ететін операция жасалды.

1139

1040

Соңғы қайта жөндеуден соң күдік пен қорқыныш сейілді. Мидстокк сенімді адамға айналып, фотографтармен белсенді жұмыс істей бастады. Осылайша хоббиі негізгі жұмысына айналып, бала арманына қол жеткізді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар