"Минус 35°C ": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет еліміз бойынша 18-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Синоптиктердің айтуынша, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде қар, бұрқасын болады. Ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжануда. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады.
18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын жауады.
Қалың қар:
- 20 қаңтарда Ұлытауда;
- 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
- 21-22 қаңтарда Ақмола облысында;
- 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады;
- 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындада күтіледі.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:
- батыста температура 10-20°C аяз;
- солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30°C аяз;
- орталық пен шығыста 25-35°C аяз;
- оңтүстікте 12-25°C аяз болады;
“Ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырамыз”, – деді Қазгидромет.
Талқылау