Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)

40-тың қырқасына шыққан Мейрамбек Бесбаевтың сахнада жүргеніне 30 жыл! Атаулы күнге орай қазақ халқының сүйікті ұлы күні кеше Республика сарайында жеке кешін өткізді. Алматының тұрғындарымен сағына қауышқан әнші концерттен кейін ақ дастархан жайып, дос жарандарының ортасында туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бесбаевтың кешіне аға буыннан бастап, Мейрамбектің өз қатарластары және өзінен кейінгі шәкірттері түгел қатысты. Әнші Медеу Арынбаевпен бірігіп жаздырған “Сағыныш” атты толғау әнін алғаш рет сахна төрінде орындады.

Сондай-ақ, бозбала күнінде жұлдызын жаққан әндердің бірі “Алғашқы махаббатты” композитор Марат Омаровпен бірге шырқады. Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков, Қайрат Нұртас және шәкірті Райым Уайыспен бірге жаңа дуэттерін ұсынды.

Концерттен кейін Бесбаев өнердегі әріптестеріне ақ дастархан жайып, 41 жасқа толған туған күніне орай дүркіретіп той жасады.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын ұсынды (видео)

Бейбіт Сейдуалиева: Орысша оқыдым, әндерімнің мағынасын анам түсіндіріп беретін

Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды

Талқылау