Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 2020 жылғы 30 қаңтар – 1 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы уақытта ауа райы қарсыз болады, бірақ аязды бұрқасын күтіледі. 

"Қазақстанда қар жауу мен бұрқасынның көптен күткен тоқтатылуы республикаға Оралдан кеңейтілген суық антициклонның ығысуымен байла-нысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздармен 25…30°С, кей жерлерде 35°С күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түн-де 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аязға дейін суытады. Ал батыс облыста-рына жылы атмосфералық фронттар ығыса бастап, жаңбыр, жылбысқы қар және ауа температурасының күрт жоғарылауы күтіледі", - делінген ауа райы болжамында. 

Талқылау