3 адамды өлтіріп, жоғалып кеткен: Алматыда 11 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы қаласының криминалдық полициясы Алматыда атыс қаруын қолдану арқылы үш адам өлтіргені үшін 2012 жылдан бері іздеуде жүрген 37 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада 10 жылдан аса уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен ішкі істер органдарының іздеуінде жүрген адам ұсталды.
"Алматы қаласы қылмыстық полициясының қызметкерлері Алматы қаласында үш рет кісі өлтіргені үшін 2012 жылдан бері іздеуде жүрген 37 жастағы күдіктіні ұстады. Павлодар облысының полицейлері 2012 жылдың наурызынан бастап Омбы облысында қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген адамды ұсталды", - деді Нұрділдә Ораз.
Ал Алматы облысының Іле ауданында 2009 жылдың қазан айынан бастап із-түссіз жоғалып кеткен іздеуде жүрген белгілі бір тұрғылықты жері жоқ қазақстандық анықталды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады