27 маусымда Қарағанды облысы әкімінің "Алтын Сұңқар" сыйлығын табыстаудың кезекті салтанатты рәсімі өтті
27 маусымда Қарағанды облысы әкімінің "Алтын Сұңқар" сыйлығын табыстаудың кезекті салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы байқау ережелеріне өзгерістер енгізіліп, іріктеу екі кезеңде өтті.

Бірінші кезеңде үміткерлер арнайы интернет-ресурста өтінімдерін берді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының журналистер қоғамдастығының дауыс беруі өткізілді.
Одан әрі жиналған дауыстардың ең көп саны бойынша әр номинация бойынша 3 үміткер анықталды.
Екінші кезеңде арнайы құрылған комиссия әр номинация бойынша іріктелген 3 үміткердің ішінен жеңімпаздарды анықтады.
Ағымдағы жылы "Алтын Сұңқар" байқауына түскен өтінімдердің жалпы саны - 140.
"Алтын сұңқар" сыйлығының 10 номинациясы бойынша барлығы 10 журналист және 1 жеңімпаз облыс әкімінің арнайы сыйлығына ие болды.
Қарағанды облысы әкімінің "Алтын Сұңқар" сыйлығының жеңімпаздары болып, келесілер атанды:
"Мамандыққа адалдығы үшін" номинациясында "5 арна" ТА директоры, продюсері Елена Алексеевна Строчкова жеңіске жетті.

"Белсенді өмірлік ұстанымы үшін" номинациясы бойынша "Бірінші Қарағанды" ТА редакторы Тен Андрей Тимофеевич үздік деп танылды.
"Объектив шебері" номинациясында "Астана" телеарнасының бейнеоператоры Жанайдар Нұрахметұлы Рахымжанов жеңіске жетті.
"Ауыл тақырыбын үздік жариялау" номинациясы бойынша ауыл туралы үздік жарияланымдары үшін "SARYARQA" КОФ редакторы Жанбота Сүндетұллаұлы Елубаев марапатталды.
"Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау" номинациясы бойынша сыйлық "Ratel.kz" интернет-порталының тілшісі Анастасия Константиновна Багроваға табысталды.
"Өндірістік тақырыпты үздік қамту" номинациясы бойынша "Хабар 24" республикалық телеарнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Бағадәаулет Дәуренбек үздік деп танылды.

"Алғашқы жетістіктері үшін" номинациясы бойынша "Life09"ақпараттық агенттігінің шығарылым редакторы Майкен Жанайдар Балқашұлы жеңімпаз атанды.
"Жылдың үздік шығармашылық жұмысы" номинациясы бойынша "Temirtau tynysy" газеті үздік деп танылды.
"Стилі мен функционалдығы үшін" номинациясында "Atameken business chanel" республикалық арнасының корреспонденттік пунктінің бейнемонтажері Рақышева Айнұр Бексұлтанқызы марапатталды. "Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін" номинациясында "VK gazeta" паблигінің әкімшісі Жетенов Ерлан Болатұлы марапатқа ие болды.

Облыс әкімінің "Қарағанды журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін" арнайы биыл бірінші шғарылымының 85-жылдығын атап өтетін "Ақтоғай" аудандық "Aqtogai Ajary" газеті сыйлығына ие болды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?