Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

252 км/сағ жылдамдықпен соғуы мүмкін - Шығыс Азияны соққан Ханун тайфуны Жапонияның Окинава аралына қарай бағыт алды

Жапонияның оңтүстігінде тайфун соғып, Окинава аралының тұрғындары эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Баяу қозғалатын Ханун Шығыс Азияны соққан үшінші тайфун. Мамандар алдағы уақытта жаһандық жылынуға байланысты мұндай экстремалды ауа райы жағдайларының жиі болатынын ескертті. Ханун Талим және Доксури тайфунынан кейінгі үшінші супер дауыл. Себебі ол Филиппин мен Тайваньды да басып, 30-дан астам адамның өмірін қиып кетті.

Сәрсенбі күні ол Қытайдың солтүстік-шығыс жағалауын соғады деп күтілуде. Тағы бір болжам бойынша ол Қытайға емес жапон материгіне қарай бұрылады. Аталған тайфун тропикалық Окинава аралдарына 252 км/сағ жылдамдықпен соғуы мүмкін. Окинавадағы Наха әуежайында 20 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 900-ге жуық рейс тоқтатылды. Жапонияда жылдың бұл мезгілінде дауыл сирек кездеседі.

Сингапур менеджмент университетінің қалалық климат профессоры Уинстон Чоу Шығыс Азияда экстремалды ауа-райын оқиғасының ықтималдығы артқанын айтады.

Айта кетейік, үш дауылдың (Ханун Талим және Доксури тайфуны) бірден соғуының әсерінен өткен аптаның соңынан бері Қытай астанасы Бейжің мен көршілес Тяньцзинь және Хэбэй провинциясын су басқан еді. Бейжің мен Хэбэйде 974 400-ге жуық адам эвакуацияланды.

"Бейжіңнің өзінде соңғы бірнеше күнде "140 жылдағы ең қатты жауын-шашын" байқалды. Бұл 1891 жылғы рекордты басып озды", - дейді шенеуніктер.

Филиппиннің астанасы Манилаға жақын маңдағы елді мекендер су астында қалып, 300 000-ға жуық адам көшірілді. Жалпы тайфун соққанға дейін Азияның көп бөлігі аптап ыстықтан зардап шекті. Шілде айының ортасында Жапонияда 9-дан астам адам аптап ыстықтан ауруханаға түсті. Ал Қытайдың кейбір бөліктерінде рекордтық температура байқалды.

1979 және 2016 жылдар аралығындағы тайфундардың әсерін зерттеген Frontiers in Earth Science журналы 2021 жылы тайфундар туралы материал ұсынған еді. Зерттеу көрсеткендей, тайфундар ХХІ ғасырдың соңына қарай құрлықтағы жойқын күшін екі есе арттыруы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайды "Доксури" тайфуны басып, мыңдаған адам эвакуацияланғаны туралы жазған едік.

Талқылау