Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайды "Доксури" тайфуны басып, мыңдаған адам эвакуацияланды (видео)

Қытайды "Доксури" тайфуны басып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппин мен Тайваньдағы апаттан кейін "Доксури" тайфунының қалдықтары Қытай астанасына өтті. Осылайша, Бейжіңде жауын-шашынның ең көп мөлшері тіркелді. Билік елорда мен оның маңындағы аймақтарда өзен деңгейінің көтерілуі, су тасқыны, көшкін және сел жүруі мүмкін екенін ескертті.

 

CCTV мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 31 мыңнан астам адам Бейжіңнің қауіпті аймақтарындағы үйлерін тастап кеткен. Тағы 20 мың адам көршілес Хэбэй провинциясының астанасы Шицзячжуан қаласынан көшірілді.

Қытайда жұмадан бері дауыл сезіліп, оңтүстіктегі Фуцзянь провинциясында қатты жаңбыр жауды. Қытай метеорологиялық агенттігі Доксуридің әсері аяқталмағанын ескертті. Әзірге Қытайда зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Талқылау