"250+": Техникалық шешімдер мен күрделі салымдардың үйлесімі
2020 жылдан бастап барлық ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының шағын және шалғай елді мекендерінің ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында "250+" бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Жоба күрделі техникалық шешімдердің, ірі капиталды салымдардың және бой көтерген желіні қолдау үшін маңызды ресурстардың үйлесімі іспетті.
Жобаның өзектілігі күн өткен сайын артып келеді. Бұл туралы абоненттердің өздері – дүниежүзілік желіге қол жеткізген ауыл тұрғындары айтады. Сонымен қатар Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков ұлан-ғайыр еліміздің аймақтарына жасаған сапарлары кезінде желі пайдаланушылармен тұрақты түрде жүздесіп тұрады.
Желіні құрып және байланысты орнатып ғана қоймай, сонымен қоса сол жерде жұмыс пен байланыстың орнатылғанына көз жеткізу, алғашқы әсерлерімен бөлісу, ал қосымша жұмысты қажет ететін аумақтарда, мысалы, спутниктен таратуды неғұрлым сыйымды әрі тұрақты ету қажет болса, мұны халыққа түсіндіру қажет. Осы қағидаларды басты назарда ұстаған Tele2/Altel операторы Қазақстанның әр өңіріндегі 300-ден астам ауылды интернетпен қамтамасыз ете алды.
Қалыптасқан коммуникациялық инфрақұрылымды тұрақты қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қымбатқа түсетіні түсінікті. Бұл бір реттік инвестициямен (CAPEX) аяқталмайды: яғни әрбір базалық станцияның жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты операциялық шығындар бар. Tele2/Altel мәліметтері бойынша, "250+" ауылдық жерлердегі базалық станцияларды пайдаланудың жылдық құны, оның ішінде тасымалдауға, электр энергиясына және т.б. төлемдерге жұмсалған қаражат 1,5 млрд теңгеге жуықтады. Бір айта кетерлігі, бұл деректер тосыннан болатын жағдайларды есепке алмағандағы тамаша кезеңдерге арналған. Осылайша, операторлар жыл сайын шығындарды жинақтап отырады, ал "250+" бағдарламасы бойынша желіні құру және ұстау шығындарын өтеу мүмкіндігі нөлге тең болады. Тіпті мемлекеттің белсенді көмегімен қоса, іске асырылып жатқан байланыс операторларына бүкіләлемдік желіге ауылдық аймақтардың қолжетімділігін дамыту тұрғысынан қолдау көрсетудің арнайы бағдарламаларын алып қарасақ та, мойнымызға алған міндетіміздің техникалық жағынан да, салаға түсетін қаржылық жүктеме тұрғысынан да салмағы ауыр.
Дәл қазіргі уақытта мемлекет пен байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесі шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін ғаламтор қолжетімділігін айтарлықтай арттырғаны туралы айту мүмкін болып отыр. Операторларға салықтық жеңілдіктер беру арқылы шалғай елді мекендерді ғаламторға шығу мүмкіндігімен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді ынталандыру арқылы Қазақстанда жасалған ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыруға мемлекеттік қолдаудың бірегей бастамасы тұрғындарды ғаламтормен жаппай қамтамасыз ету бойынша еліміздің әлемде жетекші орынға шығарып отыр. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің зерттеуіне сәйкес, 2021 жылдың соңында ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамтамасыз ету 2020 жылғы 84,9%-дан 90,6%-ға дейін ұлғайған – бұл айтарлықтай өсім екені айтпаса да түсінікті. Мұндай оң өсім мемлекеттік бағдарламаның жоғары тиімділігін және реттеуші мен ұялы байланыс бизнесі арасындағы мықты серіктестіктің айқын көрінісі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
