23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен
Қызылорда полицейлері 11 пәтерді тонаған 23 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.
2017 жылғы 26 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны Арай мөлтек ауданы аумағындағы үйіне белгісіз біреулер кіріп, үйде ешкім жоқ екендігін пайдалана отырып, одан алтын, күміс бұйымдарын, «Asus» үлгісіндегі ноутбугын, Nokia маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткендігін хабарлаған. Нәтижесінде үй егелеріне 325 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы азаматшасын ұстады.
Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің пәтер ұрлықтарының 10 фактісіне қатыстылығы анықталған. 23 жастағы азаматша барлық пәтер ұрлығы қылмыстарын бір жүйемен іске асырған. Пластик терезелері бар тәуір үйлерді таңдап, ол үйлерде үй қожайындары жоқ екендігіне көз жеткізіп, терезені күштеп ашу арқылы кіріп, алтын бұйымдарды, ақша, ұялы телефондар мен ноутбуктарды қолды етіп отырған. Негізінен барлық ұрлық қылмыстары күндізгі уақыттарда, яғни сағат 09.00-ден 18.00 аралығында орын алған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн. теңгеге жуықтап отыр.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынып, ұсталған азаматшаның тағы осындай фактілерге қатыстылығы анықталу үстінде.
Оқи отырыңыз:
Шымкент мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты
Өскеменде анасы 2 жасар баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен
20 жастағы қандықол жас баланың етін жеп жатқан сәтте ұсталды (фото)
Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған