Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы алматылық әйел өзін өлтірмек болған күйеуі туралы айтып берді

Алматыдағы Түрксіб ауданында екінші қабаттың терезесінен 23 жастағы қыз құлап кетті. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Зардап шегуші Ирина Захарованың айтуынша, оны терезеден күйеуі итеріп жіберген. Ал күйеуі болса әйел өз еркімен секіріп кетті дейді.

8585

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Иринаның айтуынша, 2 маусым күні кешке күйеуі үйге мас болып келіпті.

“Бізде ұрыс болды. Ол тағы да барып ішемін деді. Мен оған келіспедім. Біз жанжалдасып, сосын мен оған қайда барғың келсе сонда бар деп айттым”, – дейді Ирина.

Бірақ, күйеуі кетпей қалады. Ирина әрі қарай жағдайды ушықтырмас үшін онымен сөйлеспей қойған.

“Ал сосын мен әңгімелесуге шыққан кезде ол өзін өлтіретінін айтты. Ол секіріп кеткісі келді. Сосын мен оны тоқтату үшін дәл олай менде қорқыта алатынымды айтты.

Ол дереу менің қасыма келді. Мені түсіріп алғалы жатқан шығар деп ойладым. Бірақ, ол мені итеріп, төменге қарай құлатып, терезені жауып алуға әрекеттене бастады. Мен құлап кетпеуге барынша тырысқаныммен, ол мені бар күшімен итеріп жіберді де, мен төменге қарай құладым. Жерге арқаммен түстім”, – дейді ол.

Жерге құлағаннан кейін ол біраз уақыт ес-түссіз жатқан.

“Көзімді ашқан кезде, ол терезеден түсіп келе жатты. Сосын әрі қарай тағы да есімнен танып қалдым. Ол мені көтеріп дарбазаның қасына алып келді де, “өлмеші” деп айғайлады, “сосын мені түрмеге жабады” деп қайталай берді”, – дейді Ирина.

Иринаның жағдайын көрген көршісі дереу жедел жәрдем шақырады. Қыз ауруханада 20 күн жатып, 4 операцияны өткерген. Құлаған кезде оның қабырғалары сынып, бас сүйегі екі жерден сынып, беті жарақаттанған. Зардап шегуші тергеудің ойдағыдай өтіп жатпағанын айтты. Оның сөзінше, құқық қорғаушылар күйеуінің алкогольді мас күйде болғанын анықтамаған. Ал оқиға болған пәтерді тексеруге тек үш күннен соң келіпті.

“Мен оның заң бойынша жазаланғанын қалаймын. Оның ақшасының маған керегі жоқ, татуласқым да келмейді”, – деді Ирина.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты

Ақмолада жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ата-анасына оны өлді деп хабарлай салған

Алматыдан Сирияға жиһадқа аттанып кетпекші болған жігіт сотталды

Балқашта айуандықпен көз жұмған 18 жасар қыздың өлімі әшкере болды

Талқылау