23 дүркін олимпиада чемпионы жүзуден акуламен жарысатын болды
Жүзу спортынан 23 дүркін олимпиада чемпионы америкалық спортшы Майкл Фелпс үлкен ақ акулаға қарсы сайысады.
Бұл туралы Vice Sports хабарлайды.
Discovery телеарнасы бастамашыл болып отырған жарыс 23 маусым күні өтеді. Әзірге өткізілетін орыны мен жүзу шартының қандай екені белгісіз.
Басылым мәліметінше, акула сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүзе алады екен. Ал америкалық болса сағатына тек 10 шақырымды жүзіп өтуге қауқарлы. Адам мен су жыртқышының арасындағы жарыстың қандай форматта өрбитіні де беймәлім.
Бір апта бұрын Фелпс өзінің Инстаграмдағы парақшасында акуламен жарысу туралы арманына қол жеткізгенін жариялаған болатын.
Фелпс – 23 рет олимпиада чемпионы атанған жер бетіндегі жалғыз спортшы. Ол 2000, 2004, 2008, 2012 және 2016 жылғы олимпиада ойындарына қатысқан. Спортшы Бразилиядағы олимпиада ойындарынан соң кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Ұлыбританияда 11 жасар қыз анасын ваннада босандырып алды
Германиядағы қазақтар Мюнхен қаласына мешіт салмақ
Кішкентай мысық өзіне жақын келген арыстанды қорқытып жіберді (видео)