Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда 11 жасар қыз анасын ваннада босандырып алды

Кішкентай Шеннон Кокс 30 жастағы анасы Сараны босандырып алу үшін кішкентай акушердің қызметін атқарды. Ол тіпті өмірге келген нәрестенің кіндігін де кесіп, барлық шартты бұлжытпай орындаған.

Безымянный

Бұл туралы британиялық БАҚ хабарлайды.

Сара үйде жүрген кезде толғағы қысады. Қызы екеуінің алдында баланың өмірге келуін күтуден басқа амал қалмаған. Жедел жәрдемге хабарласқан қыз сәби босандыру кезіндегі әрекеттерді мұқият сұрап алады.

Бірнеше минуттан соң Сара өз үйінде сап-сау сәбиді өмірге алып келеді. Кішкентай Шеннон анасын босандырып, өмірге келген інісін қолына алған кезде жедел жәрдем қызметкерлері де жеткен.

“Толғақ басталған кезде үйде Шеннон мен екі кішкентай болды. Мен дереу ваннаға жаттым, бәрі сәтті аяқталды”, – дейді Сара Кокс.

Үйге келген дәрігерлер кішкентай қыздың көмегін өте жоғары бағалаған. Олардың айтуынша бәрі өте жоғарғы деңгейде атқарылған, сол себепті ана мен баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Германиядағы қазақтар Мюнхен қаласына мешіт салмақ

Кішкентай мысық өзіне жақын келген арыстанды қорқытып жіберді (видео)

Бакулық қылмыскер қыз сұлулығымен таңғалдырды (фото)

Ұшақта жолаушылардың көзінше секспен айналысқан әйелдің үш баласы бар болып шықты

Талқылау