Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта жолаушылардың көзінше секспен айналысқан әйелдің үш баласы бар болып шықты

Ұшақта бейтаныс жігітпен секспен айналысқан Трейси Блондон жайында жаңа ақпарат пайда болды. 39 жастағы әйел үш баланың анасы болып шықты. Ал онымен қатынасқа түскен Шон Эдмондсонның аяғы ауыр сүйіктісі бар екен.

ушакта айналыскандар

Бұл туралы The Sun хабарлады.

Өткен аптада ұшақта жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен жұптың видеосы пайда болды. Айналадағылардан еш қымсынбаған жұп ғаламторды дүрліктірген еді.

Енді оғаш әрекетімен ел назарын аудартқан жұп шын мәнінде жақындаспағандарын айтып жатыр.

Трейси бар болғаны серіктесінің тізесіне отырып би билегенін мәлімдеді. Ол елді шулатқан видеоның ғаламторда осыншалықты таралып кететінін ойламаса керек-ті.

Басылымның хабарлауынша, бас аспаз болып жұмыс істейтін Шон Эдмондсон енді 25 жастағы қалыңдығы Дженна Росстың алдында ақталып әлек болуда. Себебі Дженна ұшақта істеген әрекеті үшін онымен айырылысуы мүмкін.

Ал оқиға куәгерлері әйелдің Шонның шалбарын шешкенін өз көздерімен көрген. Ол, тіпті, сапарлас адамдардан еш қысылмастан мүшеқап сұрапты.

Бұл ретте өз абыройын тазартпақ болған Трейси адвокат жалдапты. Себебі бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшақ тиесілі әуекомпания болған істі жіті тексеретінін мұндай бассыздықты жауапсыз қалдырмайтынын жеткізген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі ең семіз адам болуды армандаған әйел жүкті болып қалды

Бойжеткен бүкіл стадионның алдында тұрмысқа шығудан бас тартты (видео)

Қасапшы 500 мысықты бөлшектеп қоян еті ретінде сатпақ болған

Әйелінің лесбянка екенін білген ер адам отбасын сақтап қалу үшін жынысын ауыстырды (фото)

Талқылау