Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелінің лесбянка екенін білген ер адам отбасын сақтап қалу үшін жынысын ауыстырды (фото)

Екатеринбург тұрғыны 20 жыл отасқан әйелімен ара қатынасын сақтау үшін жынысын ауыстырып, әйелге айналды.

dfef47ff3faff3982351b21685414225__980x

Есімін де Юлиана деп өзгерткен Юрий айна алдында боянып, әйелдерге арналған киім киеді. Әйелі Марина күйеуінің жыныс ауыстыруына қарсы еместігін, оған әйелдер ұнайтынын жасырмай айтқан.

Әйелі осыдан соң күйеуіне қайта ғашық болып қалғанын айтады.

5417851dde3f795e5c20e1220c7ca062__980x

44 жастағы Юрий туғаннан бастап бойындағы ерекше құбылысты байқапты. Ол өзін ер адам ретінде емес, әйел ретінде сезінген. Тіпті әскерге барып, өзін азаматтарша ұстағысы келгенімен жандүниесі әйелдермен тең болған.

2506977

«Мектепте балалар Шварцнеггердің суретін қызығып қарап отырса, мен әдемі қыздардың суретіне қазығып отыратын едім. Әйеліме маникюр мен педикюр жасап жүріп, арасында өзім тырнағымды бояп алатынмын. Тігін тіккенді жақсы көрем. Әскерден соң дәрігерге барып, осы жайлы айтқанды ол маған таңданыспен қарады. Ол кезде жыныс ауыстыру туралы ойым болған жоқ. 1993 жылдары қазіргідей медицина дамымаған кез еді», – дейді Юрий.

Сөйтіп жүргенде Юрий көрші Маринаны ұнатып, отбасын құрады. Екіуінің ұлы бар.

Ішкі қалауым басқа болған соң әйелім мен ұлым екеуімен жиі ұрысатын болдым. Сосын жынысымды ауыстырсам, бәрі қалпына келер деп ойладым.

«Мен күйеуімнің ұсынысын қолдадым. Оның денсаулығына зиян келмегені маңызды болды. Кейін бәрін қайтадан өз қалпына келтіруіне болады деген соң, біз жынысын ауыстыруды ойладық», – дейді әйелі.

Юрий әйелдер гормонын қабылдап, даусын да өзгертті. Тіпті әйелдердің іш киімдеріне дейін алды. Осыдан соң отбасы қайта тату тұра бастаған.

Әйелі Марина осылай жасамағанда екеуінің ажырасып кетуі мүмкін екенін айтады.

«Ол нәзік бола бастады. Маған керегі де сол. Бірге тамақ жасаймыз. Күйеуімнің өзін жайлы сезінгенін қалаймын», – дейді Марина.

Қазір отбасы Юлиананың отасына ақша жинау үшін бизнес жүргізе бастады. Алдағы уақытта күйеуі тағы бір ота жасатып, біржола әйелге айналмақ.

Тағы да оқыңыз:

Солтүстік Қазақстанда жынысын ауыстырған азамат есімін де өзгертіп алды

Жапондар ерлерге арнап төстартқыш шығарды (фото)

Эйнштейн ашқан уақыт туралы жаңалықтың Құрандағы көрінісі

Меккеге велосипедпен шыққан қарияны шекарадан өткізбей кері қайтарды

Талқылау