Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“22 экипаж мүшесі бар”: Оңтүстік Кореяда жүк кемесі суға батып кетті

Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында кеме бортында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: territoryengineering.ru

Yonhap агенттігінңң хабарлауынша, кеме бортында 22 экипаж мүшесі болған: 14 КХР азаматы және сегіз Мьянма азаматы.

Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Ол сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті.

Жағалау күзеті екі экипаж мүшесінің құтқарылғанын, қалғандары іздестіріліп жатқанын айтты.

Бақытнұр Шерикбай
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 08:48
Талқылау