2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 12 күн демалады

2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 12 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаңтар айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты бір айда 12 күн демалады.
eGov сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 және 2 қаңтар ресми мерекелер болып саналады. Бұл күндер 2026 жылы бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді.
Жаңа жылда "Құпия Санта" ойнауға бола ма: Мұсылмандар діни басқармасы жауап берді
Ал 3 және 4 қаңтар сенбі мен жексенбі күндеріне тура келеді. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қатарынан 4 күн демалады.
Сонымен қатар, 7 қаңтар, сәрсенбі күні, елімізде Рождество мерекесі атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар аптаның ортасында тағы бір қосымша демалыс күнін алады. Бұдан бөлек, қаңтар айында заң бойынша белгіленген сенбі мен жексенбі күндеріне сәйкес келетін 9 демалыс күні бар.
Нәтижесінде, 2026 жылдың қаңтар айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы есепте 12 күн демалады.