2024 жылы қандай зауыттар жекеге өтетіні белгілі болды
Мемлекеттік мүлік комитеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған жекешелендіру жоспарын қалай орындап жатқанын хабарлады. Жеке қолға өтетін кәсіпорындардың қатарына бірнеше зауыт қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Жекешелендіру жоспарына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың 637 нысаны кіреді. Оның бесеуі – республикалық меншікте, 219-ы – коммуналдық меншікте, 265-і – ұлттық компаниялар мен холдингтерге тиесілі, тағы 148-і – ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қарамағында.
2024 жылдың басынан бастап жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне келесі компаниялар қосылды:
- "East Copper" ЖШС ("Тау-Кен Самұрық" мұнай-газ компаниясының бағалы металдарын өндірумен айналысады);
- "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС ("Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының нысаны, Tele2 ұялы байланыс операторы);
- "Зенит Орал зауыты" АҚ ("Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ құрылымдарының бөлігі, әскери катерлерді, машиналар мен жабдықтарды шығарады);
- "GPC Investment" ЖШС ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ құрылымдарынан, Қашағандағы газ өңдеу зауыты жобасының операторы).
Тамыздың аяғында жекешелендіру жоспарында көрсетілген 637 кәсіпорынның 385-і жалпы құны 399,7 млрд теңге болып, жекеге өткен. Тағы 67 заңды тұлға қайта құрылып немесе таратылып жатыр, 22 компания аукционға, 163-і сатуға дайындалып жатыр. Қазір жоспар 71% орындалды.
Талқылау