Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Ақтөбе облысында 818 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында биылғы жылдың 10 айында қаржыландырудың барлық көздерін пайдалана отырып, 818 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның үстіне жыл соңына дейін облыста рекордтық көрсеткіш – 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Асхат Шахаров мәлім етті.

"Өңірімізде әлеуметтік тұрғын үйге ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен,  бюджет қаражаты аясында жыл соңына дейін 974 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 360 дайын пәтер сатып алу жоспарлануда", - деді облыс басшысы.

Оң нәтижелерге қарамастан, облыста бүгінде үлескерлердің тұрғын үй алу мәселесі сақталуда. Ақтөбеде барлығы 11 тұрғын үй құрылысы нысанының құрылысы кешіктіріліп, оған 540 үлескерден 3,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Осыған орай "Кооперативтер құрудың проблемалық мәселелерін шешудің жол картасы" әзірленіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес үлескерлер мәселесін жүйелі шешу үшін Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанынан уәкілетті ұйым құрылатын болады. Бұл үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Талқылау