Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы, көңіл-күй, дау-дамай мәселесі: 2020 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал

Шілде айының басында үш ғаламшар кертартпа бағытта орналасады:  Юпитер – қаржы үшін жауапты; Сатурн – адамдардың жалпы көңіл-күйіне әсер етеді және Меркурий – дау мен қақтығыстарға жауапты болады. Оған қоса, 5 шілдеге дейін созылатын тұтылу дәлізі орын алатынын айта кеткен жөн. Кез келген жаңалықтарға дайын болу керек, бірақ ең бастысы – қиын болса да оларды қабылдай алған жөн. Шілде айына арналған жұлдыз жорамалды материалымыздан оқыңыз.

Тоқтылар – шілде айында сауда орындары мен дүкендер ашылуы әсер етті ме, тоқтыларды қаржылай шығындар күтіп тұр. Дүкенқұмар тоқтыларға қатты алаңдаудың себебі жоқ, өйткені ай соңында келіп жететін жалақы бәрін қайта орнына келтіреді. Ал егер қаржылық жағдай мүмкіндік берсе, аз-кем жинаған ақшаңызға жаңа нәрсе сатып алуыңызға болады. Жұлдыздар қымбат затты сатып алу осы айда сәтті болатынын болжайды, оның ішінде гаджет, пәтер, үй бар. Жалпы ай сіз үшін қалыпты өтпек. 



Торпақтар – шілде айында торпақтар гүлденіп шыға келеді. Бьюти-салондар мен спорт залдарының ашылуы бұған тікелей ықпал етсе керек. Жұлдыз жорамал өзіңізге ақша мен уақытты аямауға кеңес береді, қоршаған адамдардың назарын былай да өзіңізге аудара аласыз, сонымен бірге жеке өмірді де реттеуге болады. Сіз бұрын қорыққан немесе алға қадам жасауға дайын емес болып жүрген нәрсені өміріңізге енгізуге нақ шақ осы, енді сіз сөзсіз жаңа жарқын болашаққа батыл ене аласыз!

Егіздер – осы айда сіз жаңа нәрсеге ұмтыласыз, алайда жайлылық аймағынан шықпай, өкінішке орай, оған қол жеткізу мүмкін болмайды. Сіз ашуланшақтықты, кейде жүйкенің жұқаруын сезінуіңіз  мүмкін. Бірақ кедергілер сізді мықты етеді, алдағы уақытта бақытты қылады. Дәл осы жаңа нәрсені игеру болашақта қомақты қаржы табуға мүмкіндік бермек. 

Шаян – шілдеде жаңалықтар көп болмақ, соның ішінде жақсылары бірсыпыра. Бұл сізді одан да сенімдірек етеді, мұны ер адамдар да жақсы бағалайды. Жалғызбасты шаяндар шілдеде өз жартысын табуы әбден мүмкін. Қаржылық салада шаяндарға тағы да қосымша қаражат табу мүмкіндігі бұйырып тұр. Жаңа табыс көзі сізді одан да тәуелсіз етеді әрі қоршаған ортаңызда беделіңізді өсірмек. Ғаламның белгілеріне мән беріп жүріңіз, жаңа бастамалар өзінің пайдасын береді.

Арыстан –  арыстандар жазда демалғаны дұрыс: бір аптадан бір толыққанды айға дейін тыныққаны абзал. Соңғы айларда сіз көп жұмыс істедіңіз. Ендігі ақша табамын деген әрекеттеріңіз, денсаулығыңызға зақым тигізуі мүмкін. Сергіп, шетелге шыққаныңыз жөн болады. Арыстандар басқалардың қамын көп ойлады, енді олар өздерінің жайын жасауы қажет, оған демалыс жақсы мүмкіндік береді, күш жинауға көмектеседі.

Бикештер – осы айда мансап жолында биік белестерді бағындыруға, қомақты сыйақы алуға мүмкіндік туып тұр, себебі соңғы айларда бикештер тынбай еңбек етті және бұл еңбек бағаланады. Осы жолда ары қарай да жалғай түсу керек, қазір тынығатын, өз-өзіңізді аяйтын уақыт емес. Жұлдыздар да сіздің жағыңызда. Бикештер әлі демалып үлгереді, ал ең бастысы жалғыз емес.  Жалғызбасты бикештер көп ұзамай жартысын кезіктіреді. 

Таразы – таразылар шілдеде эзотерикаға қызығушылық білдіруі мүмкін, одан бас тартпағаныңыз жөн, себебі бұл саладағы білім алдағы өміріңізде септігін тигізеді. Сізді қоршаған орта мен адамдарға көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Көреалмаушылардың қатары көбеюі мүмкін, олардың көбі сіз ойламаған, күтпеген адамдар және көбісі әріптестеріңіз қатарынан. Бұл түсінікті де, себебі мансап жолында ілгерілеу алдында тұрсыз.

Сарышаян – бастарына бақ қонған сарышаяндар осы айда да сәттілікке серік болады. Егер осы айда таныстарыңыз инвестиция құюды ұсынса, бас тартпағаныңыз абзал. Ал егер танымайтын адамдар тарапынан мұндай ұсыныс түссе, бірден шорт кесіңіз. Жеке өмірге келгенде, шілде салмақты қарым-қатынас үшін жақсы ай емес. 

Мерген – мергендерді өмірдің барлық саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Сәттілік серік болатын дәл сіздерсіздер! Жалғызбасты мергендер өмірлік махаббатын кезіктіре алады. Сондықтан, танысып, сөйлесе беріңіз. Ал жеке бизнес жоспарлаған мергендер болса, осы сәт мінсіз уақыт.

Тауешкі – шілде айы виртуалды да, өмірде де таныстыққа тола болады. Өзіңіз бастама білдірсеңіз, тіпті жақсы. Тауешкілердің бірқатарында көшбасшылық қабілеттер байқалады, оны басшылығыңыз да байқайды, демек жұмыста көтерілуіңіз әбден мүмкін.

Суқұйғыштар – осы айда жауапты түрде денсаулығызбен жұмыс істеуіңіз керек. Проблемалар қатарында: бел омыртқасы тұр, сондықтан осы мәселені шешетін маманның көмегі артық болмайды. Ары қарай алдын алу шаралары арқылы қалғанын өзіңіз де реттеп аласыз. Бір айдың ішінде қалыпқа келіп, тамызда өзіңізді әлеқайда жақсы сезінесіз. Осы ретте, уақыт пен ресурстарыңызды денсаулыққа үнемдемеңіз.

Балықтар  – шілде бойы балықтардың көңілі құбылмалы болады, осыған байланысты қасыңыздағы адамдар сізден қорқақтап жүреді. Спорт түрлерін меңгеру бойынша осы ай сіз үшін сәтті болмақ, жарақат алуыңыз екіталай, сондықтан дәл спорт сізге жан тыныштығын сыйлай алады. Осы айда өзгелермен ұрсысып қалу мүмкіндігі жоғары болғандықтан, тек мүдделес адамдармен ғана тіл табысасыз, бірақ солардың ішінде біреумен романтикалық қарым-қатынас орнауы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр