2019 жылы Ораза айт қашан болады?

Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі Ораза айт туралы және бұл мерекенің 2019 жылы қашан атап өтілетіні жайлы мәлімет ұсынады.

2019 жылы Ораза айт қашан болады?

Ораза айт – ислам дінін ұстанатын әр адам үшін бес ірі мерекенің бірі. Бұл мереке мұсылмандар арасында ерекше маңызға ие. Ораза айт кезінде адамдар шын жүректен қуанып, туыстарына қонаққа баруға тырысады және жиі мұқтаж жандарға садақа береді. Ораза айт Рамазан аяқталғаннан кейін маусым айының басы мен ортасына келеді. Кез-келген ислам мемлекетінде Ораза айт түсетін күн жалпыұлттық мереке болып саналады. Ежелгі дәуірден бастап көптеген діни мерекелердің күндері ай күнтізбесі бойынша есептелетіні дәстүрге айналған. Бұл мереке де қасиетті Рамазан айы, ораза аяқталғаннан кейін атап өтіледі.

2019 жылы Ораза айт қашан болады?

Алдымен бұл мерекенің негізіне және оның шығу төркініне тоқталып өтейік, өйткені ол терең символдық мәнге ие. Ислам дінінде, дәл осы айда, яғни 610 жылы, тағдыр жолы Мұхаммед пайғамбарды қасиетті Меккенің маңына әкелді делінеді. Пайғамбар Хири үңгірінде болғанда, оған Жәбірейіл періште адам кейпінде келіп, Алланың бұйрығымен Құранның алғашқы сүрелерін жеткізген.

Сонда пайғамбар бұл оқиғаны бір ай бойы ораза ұстап белгілеу керек деп бұйырды. Бұл күндері мұсылмандар кейін Алланың алдына келуге дайын болу үшін, өздерінің рухани жетілуімен жұмыс істеуі керек. Бұл мереке Шәуіл айының алғашқы күнінде Рамазан айының соңында атап өтіледі. Ораза күнінің аяқталу құрметіне арналған мереке 4 маусым күні, күн батқаннан кейін басталады.
Ораза айттың әдет-ғұрыптары ислам әлемінің барлық өкілдері үшін мәнді және маңызды болып саналады. Дегенмен, ауызашар мерекесі ірі мереке болып саналатын – Құрбан айт мерекесіне қарағанда шағын деп аталады.

Жалпы мереке 2019 жылдың 5 маусымынан 7 маусымына дейін атап өтіледі. Шындығында, бұл мереке бір күн ғана, бірақ Қазақстанда бұдан кейінгі келесі екі күн де мереке деп саналады.

Сондай-ақ, Ораза айт ифтар және Ид-әл-Фитр мерекесі деп те аталады. «Айт» сөзі «мереке», «бір-біріне құрмет», «қуанышты бөлісу» деген мағынаны білдіреді. Бұл күннің дәстүрі бірнеше ғасырлардан басталады, өйткені ол 624 жылдан бері, Мұхаммед пайғамбардың заманынан бері атап өтіліп келеді.

Мұсылмандар Ораза айтқа алдын ала дайындалып, үйлерін тазалайды. Осыдан кейін, бүкіл отбасы жуынып және таза киімдерін киюге тиіс. Адамдар туыстарына және достарына алдын ала сыйлық алып, үйлерін безендіреді.

Сондай-ақ, әрбір отбасында пітір садақаға алдын ала ақша қойып қою әдетке айналған. Имамдар жыл сайын мерекелік тағамдарды дайындауға арналған өнімдердің құнына байланысты мұндай қайырымдылыққа белгіленген садақа мөлшерін жариялайды.

2018 жылы қайырымдылыққа берілетін садақаның ең аз мөлшері 300 теңгені құраған болатын. Дегенмен, егер адамдар белгіленген мөлшерде қайырымдылық жасай алмаса, онда олар шамасы келгенше садақа беруі керек.

Ал бұл қаражат жағдайы жоқ адамдардың да осы мерекеге дайындала алуы үшін мешітке немесе мұқтаж жандардың тікелей өзіне тапсырылады. Алайда, мұқтаж жандарға ақша емес, арпа, күріш, құрма, ұн секілді азық-түлік беруге болады.

Рамазан айы аяқталғаннан кейін, мұсылмандар күн батқаннан 30-40 минуттан соң басталатын намазын оқиды. Мерекелік айт намазы еліміздің барлық мешіттерінде оқылады. Бірақ, мешітке бармас бұрын нанымға сәйкес, Мұхаммед пайғамбар жасағандай тақ санға келетін құрма секілді, тәтті нәрсе жеуге болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады
Çàãðóçêà...