Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ILCoin сандық активтерді алаяқтардан қорғаудың жаңа форматын ұсынады

2019 жылы криптовалюталық индустрия бірінші биткоин-транзакциялардан бастап 10 жылдығын атап өтіп отыр. Осы уақытта ол компьютерлік гиктердің оғаш әуесқойлығынан бастап бүкіләлемдік танымалдылыққа дейін ұзақ жолдан өтті. Бірақ әзірлеушілер «пайдаланушы активтерін хакерлерден қалай сенімді қорғауға болады?» деген сұрақтың шешімін әлі де іздеуде. Бұған жауап қарапайым секілді: сапалы криптографияның, атап айтқанда – сауатты жазылған бәтуаластық хаттамасының көмегімен.

ILCoin сандық активтерді алаяқтардан қорғаудың жаңа форматын ұсынады

Бірақ тәжірибеде барлығы қиынырақ болады. Қазіргі сәтте бәтуаластық алгоритмдерінің саны оннан асып кеткеніне қарамастан, жақын уақытқа дейін олардың ешбірі 51% шабуылдан тиімді қорғаумен қамтамасыз ете алмады.

51%-ды шабуыл нені білдіреді?

Блокчейн – желі қатысушылары деректердің тұтастығын қамтамасыз ететін мінсіз криптографиялық демократия. Ол мүлдем айқын: блоктар тізбегінде кез келген жазбаларды өзгерту немесе қолдан жасау әрекеті бірден айқын болады. Бірақ егер алаяқтар тобына желінің 51 және одан да көп пайызын бақылайтын жағдай туындайтын болса, олар транкзакцияларды бұрмалау және болдырмау мүмкін болатын тізбектердің өз нұсқасын жасайтын болады.

Шағын жобалар және белгілі криптовалюталар шабуылдың осы түріне ұшырауы мүмкін: мәселе тек олардың құнында. Cryptoslate бағасы бойынша өткен жылдың қарашасында Биткоинға шабуыл жасау аляқтарға 1.4 миллиард долларға түсетін еді – бірақ табысқа жеткен жағдайда пайда салыстыруға келмейтін үлкен сомалармен есептелуші еді. 51% нақты шабуылдардың қорытындылары: 2018 жылы мамыр айында Bitcoin Gold-қа шабуыл жасау барысында шығын 18 миллион доллардан асып кетті, ал Ethereum Classic (2019 қаңтар) шабуыл жасау хакерлерге 1.1 миллион АҚШ долларын әкелді.

Бірақ, майнинг үшін процессорлар саласындағы жаңа әзірлемелер тек шабуылдар қаупін арттыруда. Қазір ең үздік PoW-криптовалюталар майнингін монополияландыруға өзінің соңғы үлесін қосқан ASIC-чиптер біріншіліктегі орнын кванттық процессорларға, кванттық блокчейн компьютеріне біртіндеп беруде. Блокчейн мен кванттық компьютер өзара байланысты болады.

ILCoin жаңа буындағы бәтуаластықты құруда

Соңғы жоба смарт-келісімшарттарды жасаумен және біріктірумен жұмыс істеді, бірақ процес кезінде әзірлеушілер қиындыққа тап болды. Ақшаны лайықты қорғаныс деңгейімен қамтамасыз ету үшін ILCoin барлық блокчейнін қайта жасау қажет болды.

Қойылған міндет оңай болмады: ILCoin бастапқы кодын толықтай қайта жазуға тура келді. Жаңа шешім – С2Р жаңа буындағы бәтуаластығы – біздің блокчейннің қауіпсіздік деңгейін бәсекелестерден айтарлықтай жоғары көтерді. Ол үш деңгейлі жүйені білдіреді: хэштерден басқа, блоктарда транзакцияларды қосымша қорғаныспен қамтамасыз етуші сандық қолтаңбалар сақталады. Криптография ерекшеліктерінің арқасында, бұл процесс секундына 170,000 транзакцияларға дейін жүргізуге мүмкіндік бере отырып, жүйенің жұмысы мен транзакциялар жылдамдығын баяулатпайды.

Блокчейндердің жұмысы желіге қосылған және оларда деректер базасының көшірмелері сақталатын түйіннен-құрылғылардан тұрады. С2Р түйіндері, синхрондаудың стандартты атқарымдарынан басқа, блоктардың түпнұсқалығын тексереді: жаңа блок сәтті қалыптасуы үшін жүйенің барлық шебер-түйіндері оның сәйкестілігін растауы керек. Осының арқасында, ILCoin ASIC-тұрақтылықты алып қана қоймайды, сонымен бірге, факті бойынша, кванттық басымдықтан қорғалған әлемдегі бірінші ақшаға айналады.

Технологияға ерекше көңіл аудару

Криптоиндустрия қарқынды дамуда.  Бірақ, оған әрдайым уақыттың және ағымдық реттеулердің талаптарымен жүру оңай бола бермейді. Криптовалюталарға деген қызығушылыққа қарамастан, шикі жобалардың көп мөлшері барлық әлем бойынша криптовалюталардың беделін айтарлықтай түсірді. Олардың деңгейінде маңызды міндеттерді шешуге және техникалық артықшылықты алуға өз күштерін шоғырландыратын және тәжірибеге ие жобалар ерекшеленеді.

ILCoin 2015 жылы іске қосылған болатын. Барлық осы уақыттың ішінде, индустриядағы самғаулар мен құлдырауларға қарамастан, команда максималды қауіпсіздік пен криптовалюталарға сенімді арттыруға тырыса отырып, жобаны дамытты. Жоба GitHub ақшаның бастапқы кодын жариялады, мұнда әркім онымен таныса отырып сын айта алады және жақсарту үшін өз ұсынысын білдіре алады.

Қысқасы, қазіргі сәтте ILCoin әлемдегі ең қорғалған криптовалюта болып табылады деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі уақытта ILCoin тобы бес смарт-келісімшартты жаңа бәтуаластыққа енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жасауда. Барлығы сәтті болған жағдайда ILCoin меншікті смарт-келісімшарттар атқарымымен SHA-256 алгоритмінде өзіндік алғашқы, бірегей, жаңа буындағы блокчейнге айналады.

C2P бәтуаластығы жөнінде толығырақ білу және ILCoin соңғы жаңалықтарымен танысу үшін жобаның ресми сайтына кірсеңіз немесе Telegram-қоғамдастығына қосылсаңыз болады.

* жарнама құқықтарында, ақпараттың растығы үшін Stan.kz ақпарат агенттігі жауап бермейді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр