Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың ең үздік кинотуындысы анықталды

АҚШ-тың ұлттық киносыншылар желісі Пон Чжун Хо режиссерлік еткен «Паразиттер» (Паразиты) фильміне 2019 жылдың ен үздік кинокартинасы атағын берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған қоса фильм "Үздік сценарий" номинациясын иеленіпті. «Кішкентай әйелдер» (Маленькие женщины) туындысына басшылық еткен Грета Гервиг ең үздік режиссер атаныпты. 

"Ауру мен атақ" (Боль и слава) фильмінде кейіпкердің рөлін сомдаған Антонио Бандерас ең үздік актер атағына ие болса, үздік актриса лауазымын "Диана" туындысына түскен Мэри Кей Плэйс иеленіпті. Екінші пландағы үздік актер мен актриса "Бір күні... Голливудта" (Однажды в… Голливуде) фильмінде ойнаған Брэд Питт пен "Жұбайлар оқиғасына" түскен (Брачная история) Лора Дерн атаныпты.

Киносыншылар үздік оператор жұмыс деп "Бойжеткеннің оттағы портреті" (Портрет девушки в огне) және "Атлантика" фильмдерінің түсіріліміне қатысқан Клэр Матонның еңбегін бағалапты. Ал "Бал елі" (Страна меда) ең үздік декерті фильм атағын алған.   

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қаңтар, 2020 17:38
Талқылау