2019 жылдағы қоғамдағы оң өзгерістер: Сарапшылар бағасын берді

2019 жыл еліміз үшін қандай жағымды жаңалығы мен оң өзгерістерімен есте қалды? Stan.kz тілшісі саясаттанушыларға хабарласып ағымдағы жылға қорытынды-сараптама жүргізіп көрді. 

Белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, биылғы жыл өзгерістермен, жаңалықтарға толы болды. Бірақ позитивті және халық әл-ауқатын жақсартатын жаңалықтар саусақпен санарлық екенін айтады. 

- Осы жылғы ең жағымды жаңалық биліктің ауысқанын айтар едім. Одан кейін келген президенттің сайлауды екі айдың ішінде қойғаны. Тоқаевтың бұл шешімі мені қуантты. Өйткені сайлау өткізбей, екі жыл бойына отыра беруіне болар еді. Бұл біздегі демократияның бастамасы ретінде көрініп еді. 

Бұл Астананың атауы өзгеріп, әрбір облыстағы көшелерге Н.Назарбаевтың атының берілуі қуантты деп айта алмаймын. Әңгіме атын беруде емес. Дүниежүзінде тірі адамға ондай нәрсе жасалмайды. Адам қайтыс болған соң 5 жылдан кейін ғана көшеге атын беру туралы заң бізде де бар. Сол уақыттарда, менің естуімше, бір күнге сол заңды тоқтатып, шешім шығарған. 

Атап өтерлік тағы бір өзгеріс, сайлау халықты оятып, көзін ашқан сияқты. Саяси-қоғамдық деңгейдегі үміт пайда болды. Билік жүйесі әділ бағытқа өзгере ме деген үміт пайда болды. Бір өкініштісі, халық адасып қалған сияқты. Өздері бастама көтермейді, өздері жетекші болғысы келмейді, кез-келген топтың соңынан еріп кеткісі келеді. Бір тобы биліктің соңынан, бір тобы Әблязовтің соңынан кетсе, бір тобы басқаның соңынан кетіп жатыр. Басқалардың соңынан еруші халыққа айналдық. Бұған тікелей әлеуметтік желінің әсер етуі мүмкін. Осы сайлаудан кейін кім-көрінгеннің соңынан еру процесі басталды. Менің ойымша, ең үлкен саяси өзгеріс осы, - дейді Дос Көшім. 

Осы жылға көз жүгірткен қоғам қайраткері, саясаттанушы Расул Жұмалы былай дейді: 

- Осы жылғы ең жағымды жаңалық жартылай болса да биліктің ауысуы болған шығар. Саяси транзит күшіне келе бастады. Ескі жүйенің қазіргі қажеттіліктерге жауап бермейтіндігі түсінікті болды.

Одан бөлек әншілеріміз бен спортшыларымыздың жеткен жетістіктері өте үлкен жаңалық болды демесек те, өз деңгейінде абырой әкелгені рас. 

Жақында ғана өтен Ұлттық кеңес жиналысында Тоқаев саяси реформалардың пакетін ұсынды. Саяси реформалардың алғашқы қадамы басталды. Халық белгілі бір дәрежеде өмірін жақсартуда.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның қай аймағында ауа ластануы басым екенін экология министрлігі айтты

Павлодар облысы ауа ластауда алдыңғы қатарға шықты

"Какой у тебя род? Кто твои родственники?". Какие вопросы задают казахи на первом свидании

Павлодарда жолаушы қызды зорлаған көлік жүргізушісі сотталды

Үш жарым жыл жаза кесіп, жәбірленген қызға миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. 

Қытай Қазақстанға өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялауға рұқсат бермеді

Қазақстан Қытайға өз азаматтарын еліне қайтару мүмкіндігін сұрап хат жолдаған болатын.

Алматыда депутатты тонап кетті: Серік Күдебаев полицейдің әрекеті үшін кешірім сұрады

Қазір қылмыс орны бақыланып жатыр

140 мың теңге үшін: Ақтөбе күйеуі әйелін өлтірген қылмыскерлерді өмір бойына сотталуды қалайды

Әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

18 санмен сары түспен көрсетіледі

"Мен сені сүйемін": Бүркіт Аишаны туған күнімен құттықтады

Әнші желіде жүрекжарды жазбасын арнады

Анасы жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуып тастады

Әйелдің күйеуі полицияға жүгінді

Доллар қайта қымбаттай бастады

Жұмадан бері доллар 1,62 теңгеге қымбаттады
Çàãðóçêà...