Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдан бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы үш жүз теңге болмақ. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 қаулысында осылай жазылған.

2017 жылдан бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды

“Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысында:

“1. “Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:

1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі” делінген.

Талқылау