Ресейдің 20 жастағы ең әдемі толық қызы (фото)
Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің 20 жастағы студенті Ирина Черемных толық қыздар қатысқан «Солтүстік Аврора – 2015» байқауының жеңімпазы атанған еді.
Жас қыз өзінің толықтығы арқылы айналасындағы адамдардың тани алатынын айтады. Оның айтуынша, онымен араласатын адамдар оның толықтығына емес, жандүниесіне, өзіне, адамшылығына қарайды екен.
Ирина бірден екі титулды иеленген. Оның бірі: «Солтүстік Аврора аруы – 2015», екіншісі: «Әйелге тән сұлулыңы» номинациясы. Одан бөлек жеңімпазға демеушілер тарапынан көптеген сыйлықтар мен сертификаттар, қала сыртындағы қонақүйде демалу ұсынылды.
Ирина өзінің дене көлемі 115-95-135-ті құрайтынын айтты.
Ирина кейбір дүкендердің жарнамасына да түсіп үлгерген. Ол өзге қыздардың сымбатынан ұялмауына кеңес бере отырып, болашақта бизнес моделі болып қала бермек.
«Ол өзінің әйелге тән нәзіктігін сақтай отыра ерлердің ісімен де айналысуы мүмкін. Ол батыл, мықты, әр кез әдемі әрі сәнді болып жүру керектігін естен шығармайды», – дейді Иринаның өзі.