Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Француздарға қымыздан балмұздақ жасап бердім": 20 жастағы отандасымыз Париждің үздік мейрамханасына қалай кондитер болды?

20 жастағы Нариман Абдығаппаров (@whiskwithus) Парижде беделді Le Bristol, Plaza Athenee сияқты мейрамханаларда кондитер болып жұмыс істеген. Мишлен жұлдызын иеленген мейрамханаларда тәжірибе жинаған қазақстандық кондитерлікке 16 жасынан бастап қызыққан. Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Нариман не себепті Францияға көшкенін,  шетелдегі өмірі, кондитерлік саланың ерекшеліктері жайлы айтып, отандық кондитерлік өнімдерге бағасын берді.

Кондитерлікке 16 жасымнан бастап қызығушылық пайда болды

Қызығушылығым, мотивациямның жетегінде Францияға келдім. Бастапқыда Қазақстанда болғанда мен достарым, таныстарым үшін тағам дайындайтынмын. Жақындарымның іш-шараларына, кештерге тағам дайындап жүрдім. Содан кейін шетел, орыс әдебиетін зерттей бастадым. Сөйтіп гастронимияға, француз асханасына деген қызығушылық туындады. 

Барлық концепттер, тенденциялар Парижде дүниеге келеді. Сондықтан Францияны таңдадым. 15-16 жасымнан ас үйде жүрдім. Ерлер жағынан барлығы асхана ісіне жақын: атам, әкем үйде тамақ істейтін. Маған олардан берілген. Кондитерлік жұмыста ұнайтыны - химия, математика, физикамен байланысы бар нақты сала, кәсіп. Барлығын өлшеп, нақты жасау керек, граммдар және т.б. өте маңызды. Десерттердің ұнайтыны - мұнда әдемілік бар.

Францияға көшкен кезде мәдени шок болған жоқ. Себебі француздар қазақтар сияқты қонақжай, жалпы Еуропаның барлығында мұндай тенденцияны байқауға болады. ашық, әрі көңілшек.66

Францияда қоғамдық көлікті қолдануға міндеттісіз

Үйренісуге тура келген нәрселер болған жоқ. Қоғамдық көліктері өте дамыған. Тіпті сізді оны қолдануға міндеттейді деуге болады. Себебі өте қолайлы. Бұл мен үшін өте таңғаларлық болды, себебі Қазақстанда мұндайға үйренбегенбіз, қоғамдық көлікті пайдаланбайтынмын. Жалпы тез бейімделдім деуге болады. Жергілікті, халықаралық студенттер өте ашық болды. Сондай-ақ мамандығың ортаңа әсер ететін сияқты. Себебі мұнда адамдар басқа мәдениетпен байланысуға, жаңа нәрсе алуға тырысады. 

Кондитерлік салада көп қазақтарды кездестіріп жүрмін және бұл мені қуантады. Париж ресторандарында шеф, су-шеф дәрежесіне көтерілген таныстарым да бар. Қазақтармен қарым-қатынасым жақсы, араласамыз. Бұл да өз кезегінде саған қолдау береді, мотивация сыйлайды, себебі сен бөтен елде, отаныңнан алыстасың. 

Қазақстанға оралуды, әрине қалаймын.

Біздің екінші отбасымыз - ас үй

Тәжірибе жинап, үшжұлдызды Мишлен мейрамханасында жұмыс істеген соң, бұл -  үлкен жауапкершілік. Асхана жұмыс істейтін адамдарда әлеуметтік өмірге уақыты жоқ. "Біздің екінші отбасымыз - ас үй" деген тіркес қалыптасқан. Жалпы елге оралып, аспаздық бойынша білім беру саласына көшу ойда бар. Шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтармен алған білімімді бөлісуді болашақта жүзеге асырғым келеді.

Францияда кондитерлік бағытында білім алу үшін орта білім болу керек, содан кейін кондитерлік база бойынша емтихандардан өту керек. Мотивация керек, ашық болу қажет, қызығушылық танытып, кондитерлік өнімдерді дайындауға деген махаббатыңыз болса, мақсатыңызға жетесіз. 

Мұндағы кондитерлік дүкен сөрелері сурет галлереясы сияқты

Францияда жұмысқа тұру үшін орта біліміңіз бар болса, осында келіп бакалавр дәрежесін алуға болады. Осы дипломмен ары қарай жақсы жұмысқа тұруға болады, мұнда диплом көп мүмкіндікке жола ашады. 

Франция кондитерлік сала, гастрономия, жалпы әлемдік кондитерліктің тарихында ерекше орын алады. Мұнда кондитерлік үйлері, дүкендер сөрелері сурет галлерясы, қымбат бутиктердің сөрелері сияқты әсер қалдырады. Әсіресе, аспаздық Парижде сән өнерімен теңестіріледі. Мұнда бас аспазшылар өте креативті, елде жоқ нәрсені ойлап табады, олармен бәсекелесу өте қиын. Тіпті басқа елдер де Парижбен бұл тұрғыда бәсекелесе алмайды.

"Қазақстан" шоколады шетелдіктерге ерекше ұнайды

Отандық өнімдер ішінде "Рахат" шоколадтарын ұнатамын. Әдетте "Қазақстан" плиткалы шоколадын елге келген сайын алып кетіп отырамын. Бас аспазшыларыма дәм татқызған кезде олар әрдайым риза болады. Бұл шетелдіктер үшін өте қызықты өнім деп есептеймін, қапталуы да әдемі, дәмі де жақсы. Осы шоколад Қазақстан өнімдері ішінде жиі экспортталатын өнім деп ойлаймын. "Маска", "Ақ аю", сияқты шоколадтар да дәмді, кондитерлерге ұнайды.

Алғашқы жасаған тағам: Қымыздан балмұздақ, балдан чак-чак жасадым

Мен Қазақстаннан, Орталық Азиядан келгендіктен, дәстүрлі, бірақ заманауи тәтті жасап беруімді сұрады. Себебі оларға басқа елдің тағамдары, мәдениеті қызық. Қымыздан балмұздақ, бал қосылған чак-чак жасап бердім. Сондай-ақ оған өзіміздің өнімдерді: Алтай шөптері, қымыз, кептірілген жемістерді, тіпті жентті қолдандым. Кішігірім десерт оларға өте қатты ұнады және жаңашыл болып көрінді. Әртүрлі мәдениеттердің тоғысуының қызығы да осында: біз бір-бірімізбен техникалар, ингредиенттерді бөлісеміз. Бұл тағам француз техникасымен жасалған қазақстандық ингредиенттерден тұратын десерт болды. 

Еуропадағы қалдық, қоқыстар мәселесі

Еуропада қалдық, қоқыстарды бөлу мәселесіне өте мұқият қарайды. Пластик, картон сияқты заттарға бөлек жәшіктер болады. Ас үйде біз ешқашан тағам қалдықтарын пластик сияқты заттармен араластырмаймыз. Бұл жерде қоқыстар қатты бақыланады. Мейрамханалар қоршаған ортаға өте үлкен зиян әкелетіні белгілі. Сондықтан жауапкершілікті сезіну қажет.

Кондитер болғысы келетіндерге кеңестер:

  • Өз ісіңізге махабаттпен қараңыз
  • Өміріңіздің көп бөлігі ас үйде өтетініне дайын болыңыз, жеке өмірге қол тимеуі мүмкін
  • Егер сіз шынымен берілсеңіз, онда бұл кәсіптің берекесі болады
  • Өзіңізді дамытып, жаңашылдыққа ашық болыңыз
  • Онлайн материалдар, youtube платформасынан ақпарат қараңыз
  • Мотивацияңыз жоғары болсын, командаңызға құрметпен қараңыз, бұл топтық жұмыс екенін естен шығармаңыз
  • Ләззат алыңыз, осы іске барыңызды салыңыз

 

 

 

 

Талқылау