20 жастағы қазақстандық киберспортшы әлемдік турнирде үздік атанып, Неймардың құрметіне бөленді
Фото: instagram.com/danil.molodoy_; hltv.org
Қазақстандық кәсіпқой киберспортшы Даниил molodoy Голубенко FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінде жеңімпаз атанды. 21 қыркүйекте CS2 – FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінің финалы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басты қарсыласуда моңғолдық The Mongolz ұжымы мен қазақстандық кәсіпқой ойыншы Даниил molodoy Голубенко ойнайтын бразилиялық Furia клубы кездесті.
Бес ауыр картаның қорытындысы бойынша бразилиялық команда 3:2 есебімен жеңімпаз атанды. Еске салайық, турнирдің жүлде қоры 500 мың доллар (271 миллион теңге), оның ішінде жеңімпаз 200 мың долларды (108 миллион теңге) алады.
Ойыннан кейін қазақстандық мергенге турнирдің үздік ойыншысы (MVP) медалі берілді.
Турнир үшін molodoy жеке орташа рейтингі 1,19 болатын 18 карта ойнады. Оның ішінде үш ойынды ғана өлтіру мен өлім айырмашылығымен аяқтады.
Кубокты жеңіп алған 20 жасар қазақстандық аргентиналық футболшыы Лионель Мессидің әйгілі суретін қайталаған. Даниил Голубенко үстіне Қазақстан туын жауып, қолындағы олжамен ұйықтап жатқандай болып суретке түскен. Бұл суретке киберспорт әлеміндегі көптеген танымал тұлғалар пікір жазған. Қазақстандыққа қолдау білдіргендердің ішінде әлемдік футбол жұлдызы, Бразилия мен "Сантоса" ұлттық құрамасының шабуылшысы Неймар да бар. Ол өзі де киберспортқа жақын.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
