20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияға ұшып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалды
Фото: "Lider.kz"
Ақтаудан Грузияға түнгі рейспен ұшып кеткеннен кейін жас жігітпен байланыс үзілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентттігі хабарлайды.
"Lider.kz" іздеу жасағының еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздестіріп жатыр. Туыстары онымен 18 тамыз, дүйсенбі күні байланысын жоғалтқан.
Мәліметтерге сенсек, ол әуежайда түнгі рейспен Ақтаудан Тбилисиге ұшып кеткен. Шекарадан өткені анықталды. Алайда содан кейін байланысқа шықпаған.
Белгілері: бойы – 175 см, орта дене бітімді.
Туыстары мен жақындары іздеуге көмектесуді сұрайды.
Кімде-кім Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, төмендегі нөмірлерге хабарласуды өтінеді:
📞 +7 (700) 499-7292 немесе 102.
Алматыда 25 күн бұрын жоғалған жасөспірім алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінген
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында 27 шілдеде жоғалған 20 жастағы Алан есімді жігіттің денесі 29 шілдеде Молодежный шыңы маңынан табылды. Оқиға орнында полиция мен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
