Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

Фото: 2Gis
Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алан есімді жігіт 27 шілде таңертең Медеу жақтан Жастар шыңына қарай кеткен. Содан бері байланысқа шықпаған.
“29-ы шілдеде Молодежный шыңы аймағында жоғалған адамның денесі табылды. Молодежный шыңы Алматының тау етегінде, Іле Алатауында орналасқан, оның биіктігі – теңіз деңгейінен 4147 метр. Оқиға орнында Алматы полициясының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің психологы жүр", – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кеткен еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды