"2 сағат ішінде жарылады": Желіде тараған ақпаратқа ТЖК жауап берді
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Құрметті қала тұрғындары! Қазіргі уақытта Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде "Луна" жарылғыш заты 2 сағат ішінде жарылады деген мәліметтер таратылуда.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды", - деді Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарламасында.
Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Арыстағы жарылыс: 350-ден аса адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазақстан қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев жарылыс кезінде оқ-дәрі қоймасының 90 пайызы жойылғанын ресми мәлімдеді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік