19 жыл бойы өгей әкесі зорлаған америкалық әйел тоғыз бала туған
Мексикада құқық қорғаушылар 62 жастағы ер адамды ұстады. Генри Мишель Пиэтт 19 жыл бойы өзінің өгей қызы Розалин Макгиннисті зорлап келген. Осы уақыт ішінде ол қызды қамауда ұстап, есінен танғанша ұрып, секске мәжбүрлеген.
Бұл туралы New York Post жазады.
Полицияның айтуынша, ер адам алғаш рет өгей қызының жасы 11-де болған кезде тиіскен. Оның басқа балалары болса әкелерінің қызға одан да ерте тиіскенін растайды.
Тергеу бойынша, бәрі 1997 жылы басталыпты. Сексуалды құлдықта болған жылдары ол зорлықшыдан 9 бала туған. 2017 жылдың қыркүйек айында әйел сегіз баласын ертіп Америка елшілігіне жетіпті. Сол жерде ол басынан өткен жағдайды айтып берген.
Басылымның жазуынша, Генри Пиэттің жергілікті қылмыстық топтармен және Орталық Америка қарақшыларымен байланысы бар екен. Осы себептен полицейлер ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорыққан. Алайда оны тұтқындап, АҚШ-қа алып келу мүмкін болды. Ол енді істеген ісі үшін сот алдында жауап береді.
Қазіргі таңда 2 мен 17 жас аралығындағы балалармен және әйелмен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады
24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды