18 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҚКФ
Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
125 келіге дейінгі салмақта белдескен 18 жастағы Қасымбек турнирді 1/8 финалда моңғолиялық Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңуден бастады.
Ширек финалда ол оңтүстіккореялық Байджун Джангты 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда америкалық Коул Мирасоланы айқын басымдықпен ұтып, белдесу мерзімінен бұрын 11:0 есебімен аяқталды.
Алтын медаль үшін шешуші белдесуде қазақстандық балуан ирандық Мохаммад Нежадпен күреседі. Ол ½ финалда әзірбайжандық Юсиф Дурсуновты ұтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

