18 эпизод бойынша 26 миллион теңге залал: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі Қарағанлы облысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Қылмыстық топқа бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін айып тағылған.
“Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады. Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Талқылау