"1,5 миллион теңгеге тапсырыспен ұрғызған": Алматыда соққыға жығылған психологтің оқиғасы
Алматыда соққыға жығылған психолог Светлана Божконың ісіне қатысты оқиғаға қатысты қызықты жайттар айтылды. Адвокаты оны тапсырыспен ұрғанына сенімді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп Stan.kzақпарат агенттігі.
Психологтің адвокаты Елена Третьяк күдіктінің психологті ұрған күннің ертесі 1 млн теңге несиесін жапқанын айтады.
"Несиесін жауып тастаған. "Мерседес" көлігін сатып алған. Ол бір күнде осынша қаражатты қайдан алады? Мұнда тағы бір адамның қатысы бар", - дейді қорғаушы.
Алайда күдіктінің өзі кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан басқа да күдіктілер бар ма, жоқ па ол жағы белгісіз.
Бұған дейін белгілі психологты адамтанымастай етіп соққыға жыққанын хабарлаған едік. Психологті айуанша ұрып, қашып кеткен ер адам ұсталған болатын. Күдікті екі айға қамауға алынған болатын.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ