Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар жауады деп күтіледі

14 сәуір күні Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжауынша, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта жауған жаңбырдың соңы қарға ұласады. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжануда. 

"Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз батыста, Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады", – делінген Қазгидромет мәлімдемесінде. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, кешке қарай қатты жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығысқа ауысатын оңтүстік-батыс желдің күші 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5 + 7°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +11+13°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.Оңтүстікен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 13 + 15°С, күндіз + 31+33°С.

Талқылау