Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 баланың анасы, жүктілік туралы шоудың жүргізушісі өзіне қол жұмсады

Ұлыбританияда 13 баланың анасы, жүктілік шоуының жұлдызы Мэнди Гарднер өз-өзіне қол жұмсады. Әйелді мұндай қадамға итермелеген не нәрсе екені нақтыланған жоқ.

43 жастағы британдық әйелдің мәйіті Вортингтегі үйінің жанынан сәуір айында табылған. Алайда оның отбасы бұл оқиға туралы жарты жылдан кейін ғана айтты. Қайғылы оқиғадан сәл бұрын «Керемет жүктілік» телешоуының жұлдызы суицид туралы айтқан болатын.

Әйел мен оның күйеуі шоудың эфиріне 2016 жылы шыққан. Бұл уақытта ерлі-зайыптылардың 11 баласы болды, ал миссис Гарднер он екінші баласына жүкті еді.  Ерлі-зайыптылар отбасылық жұмыстар туралы әңгімеледі.

«Менің балаларымның барлығы жоспарланған жүктіліктен туған жоқ, бірақ әрқайсысын өзім қалап тудым», - деп мойындады көп балалы ана.

Сонымен қатар, ол кейде үйінде хаос болатынын айтты: балалар ит қуады, ал ересектер балаларды қуады деді.

Гарднер жеке хэштег арқылы әлеуметтік медианы басқарды. Посттарда ол өзінің үлкен отбасы туралы және балаларға деген сүйіспеншілігі туралы айтты.

Талқылау