AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

128 жасқа толған әйел ұзақ жасауының сырын ашты

Оңтүстік Африканың солтүстік-батысында тұратын әйел 128 жасқа толып, ұзақ жасауының сырымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror-ға сілтеме жасап. 

Джоанна Мазибуко 1894 жылы 11 мамырда жүгері фермасында дүниеге келген. Ол отбасындағы 12 баланың тұңғышы. Бауырларынан үшеуі әлі күнге дейін тірі.

Оңтүстікафрикалық әйел табиғи сүт ішіп, асжапырақ жеп өскен. Ұзақ жасауының құпиясын осы ас мәзірімен байланыстырады. Алайда әйел бүгінде рационының өзгергенін жасырмайды.

Мазибуко фермада тұрған кезін ерекше жылулықпен еске алады. 
Өзінің айтуынша, Ставан Мазибук есімді әйелінен ерте айырылған адамға тұрмысқа шыққан. Екеуі 7 бала тәрбиелеп, олардан 50 немере-шөбере көрген. 

Күйеуі қайтыс болған соң, әйел ферма иелерінің үйлерінде түрлі жұмыс істеп, күн көрген. Үй жинап, киім үтіктеген.

Мазибуко 2001 жылдан бері күтушісімен бірге тұрады. Екеуінің арасында берік қатынас орнаған көрінеді.



Жергілікті билік кейуананың туған күніне диван сыйлады.

"Бізде оның жеке куәлігі бар. Әйелді Гиннес рекордтар кітабына енгізуге тырысуымыз керек. Сонда лайықтысын алады", – дейді Матлосана әкімі Джеймс Тсолела.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр