Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 жыл бұрын ол парамен сотталған": Түркістан облысында әкім халыққа тиесілі жерлерді сатып жіберген

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу ауылының басшысы халыққа тиесілі жерлерді қалталыларға сатып жіберген. Тұрғындардың айтуынша әкім халық жағдайын тіпті тыңдамайды да, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірлесу ауылының тұрғындары

Наразы халық әкім кабинетіне дейін басып кірген. Жұртшылық басшының халықтың шаруашылықпен айналысатын жерін бай-бағдландарға сатуына оның аудандағы лауазымды қызметте отырған күйеуі көмектесетінін айтады.

“Күйеуі Әбдіәкім Қарабалаев ауданда жер маманы болып лауазымды қызметте істейді. Өздері келісіп алып, артық жерлерді ешкімнің рұқсатынсыз конкурсқа қойып жатыр. Ал ол жерлердің барлығы халықтікі”, –  деді Келес ауданының тұрғыны Қажымұхан Тұяқов.

Ауыл халқы өз жерлеріне өздері қол жеткізе алмай, жеке меншіктерден егіс үшін жыл сайын жалға алады.

“Біз жыл сайын 250-300 мыңға егіс егу үшін жерді жалға аламыз. Тіпті былтыр диқаншылықтан дағдарысқа ұшырадық”,- деді Келес ауданының тұрғыны Құдабай Нұрбаев.

Мәселесін айтқан елді жанына жолатпайтын әкім 12 жыл бұрын осы ауылда пара алды деген күдікпен сотталып, кейін түрмеде 10 жыл отырып, ақталып шығып, қайта қызметке кіріскен. 

“Жердің конкурсына біз қатыса алмаймыз. Менің міндетім – тек бос жатқан жерді анықтап, конкурсқа ұсыныс беру. Ар жағы жер бөлімінің жұмысы. Егер менің жұмысым елді күдіктендірсе құқық қорғау органдары бар. Егер шынымен кінәлі болсам мені қызметімнен алып тастайды”, – деді Бірлесу ауылдық округінің әкімі Қарашаш Еркінбекова.

Әкімнің келесі жылға дейін лауазымында отыруына құқығы бар. Ол елді дүрліктіріп жүргендерді сотқа бермекші. Ал тұрғындар болса облыс әкімі мен прокаратураға арыз жазуға кіріскен.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 29 Наурыз, 2022 09:35
Талқылау