Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш ҚБТУ-да қалай оқып жатыр

12 жасында мектеп бағдарламасын тәмамдаған алматылық Абзал Мырзаш жаңа оқу жылынан бастап Қазақ Британ техникалық университетінде білім ала бастады. Университет өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда оқу орнында Абзал үшін бар жағдай жасалған.

2b98269f679b6258435440c05116da68

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“ҚБТУ” АҚ басқарма төрағасы Кенжебек Ибрашевтің айтуынша, Абзал оқитын ақпараттық технологиялар факультетіндегі оқу бағдарламасы 17-18 жастағыларға лайықталған.

“Кафедрадағы денешынықтыру сабағы да баланың жас шамасы үшін ескеріле жасалған. Мұндай жастағы студенттің білім алуы тек ҚБТУ үшін ғана емес, жалпы Қазақстанның білім жүйесіндегі ерекше жаңалық”, – деді базалық факультет деканының міндетін атқарушы Нұржан Рахымжанов.

Ал ректордың айтуынша, университеттегі оқу бағдарламасы әркез Абзалға сай лайықталып отырмақ.

“Біз баланың ата-анасымен, кураторымен, ұстаздарымен тұрақты түрде кездесіп, оған барынша оқу материалдарын игеру, еңбек пен демалыс режимінің тепе-теңдігін сақтау, оның жасындағы интеллектуалдық және физикалық жүктің ауқымына көңіл бөлу тұрғысынан көмек көрсетіп тұрамыз”, – дейді ректор Кенжебек Ибрашев.

599c0478cb49b6d5ae70fcb6f9906e36

Әкесі Дәурен Нысанов баланың білім процесін жақсы қабылдап, қазір Ақтаудағы I халықаралық жастар форумына дайындалып жатқанын айтты.

“Ұлым зеректігінің арқасында аса көлемді оқу материалдарын тез иегеріп алады. Әрине, ара-тұра терминмен жұмыс істегенде қиналады, бірақ ол жағын ұстаздары жетілдіреді деп ойлаймын. Ол қазір ҚБТУ-ды 14 жасында аяқтап, одан әрі Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді армандап жүр”, – деді әкесі.

Баланың анасының айтуынша, Абзалды алғашқы күндерден-ақ оқытушылар құрамы мен жасы үлкен курстастары өте жылы қабылдаған. Ал Абзал бірінші күннің өзінде деканат, кітапхана, аудиториялардың қайда екенін бірден жаттап алған. Ал бос уақытында компьютерлік ойындарды ойнайды.

“Маған желідегі басқа достарыммен одақ құрып ойнаған ұнайды. Ал бас қосқан кезде донер, гамбургер немесе тауық қанатшаларын жеп демаламыз. Бірақ, бұл өте сирек”, – дейді Абзал.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ауыз су талап еткен жұртқа аудан әкімі ақылгөйсімеуге кеңес берді

Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан танымал қылмыстық топ қолға түсті

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Талқылау