Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12-сі денсаулыққа қауіпті": Мамандар Атырау облысындағы бассейндерге шомылмауға кеңес берді

мамандар бассейнге басрмауға шақырды

Фото: Ru.freepik.com

Атырау облысында сантиарлық дәрігерлер өңірдегі бассейндердің көбінде химиялық қоспалар мен зиян микробтар барын анықтаған. Мамандар тұрғындарды бассейндерге шомылмауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Palma демалыс орнында балалар жаппай хлордан уланған соң санитарлық дәрігерлер тексеру жүргізді. Бассейнге келген 13 бала ауруханаға түскен, оның үшеуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Осы оқиғадан кейін мамандар қаладағы 20 бассейннен 164 су сынамасын алған. Нәтижесінде 12 су нысаны денсаулыққа қауіпті деп танылды. Көбі тіпті қарапайым гигиеналық талаптарға да сай келмейді. Бассейндегі хлор мөлшерінің шамадан тыс болуы – әлі де өзекті мәселе.

Санитарлық қызмет өкілдері тұрғындарға мұндай орындарға бармас бұрын олардың су тазалығы туралы құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді және тек қауіпсіздігі дәлелденген бассейндерге ғана баруға шақырады.

“164 су сынамасының ішінде 76-сы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге, ал 16-сы микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмеді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге қалдық хлор, хлоридтер мен судың қаттылығы жатады. Ал микробиологиялық көрсеткіштер судың құрамында микроағзалар мен микробтардың бар-жоғын көрсетеді. Яғни бұл судың құрамы адам денсаулығына қауіпті деген сөз”, – дейді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакова.


Атырау аквапаркінде уланған балалар: Бассейн басшысы қамауға алынды


Атырауда аквапарктегі балалардың улануы: Суда хлор мөлшері жеткілікті шектен асып кеткен


Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы Palma аквапаркінде 13 бала уланып, ауруханаға жеткізілді. Бассейнге келгендер өткір тұншықтырғыш иісті сезген, ал кейбірі бір мезетте құсып, қатты жөтеле басталған. Үш бала ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түскен.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 08:46
Талқылау
`