Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

1 қаңтар күні 104 жасқа келген америкалық әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті. Бұл туралы  РИА Новости хабарлады.

Мичиган штатында тұратын Тереза Роули күніне кем дегенде бір құты диеталық кола ішеді. Ұзақ жасаудың құпиясы да осында дейді ол.

“Ол сусын маған ұнайды, сондықтан ішемін. Диеталық кола сатып алу үшін сәрсенбі күні дүкенге барамын. Үйімде бір қап бос құты жатыр, соларды тапсырып, диеталық коланы көбірек сатып алуым керек”, — дейді Роули.

Диеталық кола АҚШ-та 1982 жылы, кейуана 68 жаста болғанда шығарыла бастады.

Алайда, ғалымдардың пікірінше, Роулидің ұзақ жасауына бұл сусынның еш қатысы жоқ. Себебі, ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, диеталық кола құрамында калория мөлшері төмен болғанымен, ол семіздік пен диабетке, инсульт пен деменцияға себеп болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Алматыда екі жігітті аяусыз ұрғандар видеоға түсіп қалды

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Талқылау