Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына жол тартқанын айтады. Өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты жайлы Тамара Tengrinews.kz-тің The Эфир жобасында айтты.

“Аяғым ұшып қолыма түсті. Оны сөмкеме салып алдым. Тілегім, жүрегім ағам мен інім деп соққаннан кейін, “ағам аман болсын, Бека, Бека” деп айқайлай бердім. Оны көпшілікке көрсетпеуге тырыстым. Ерке қыз болдым. Қазір артқа қарап, мені тәрбиелеген қандай дархан халық деп ойланамын. Етегімді қолыммен жауып, аяғымды сөмкеге салып жасырып, оны көліктің артына тығып үлгердім. Себебі алдымызда үлкен автобус келе жатты, іші толған ер адам. Соларға көрсетпеу мақсатында ішіме кіріп кеткен темірді суырып алдым. Оның бәрі қызумен болған құбылыс. Сол кездегі тілегім әкем мен ағама қан көрсетпеу. Ол менің кереметтігім емес, тәрбие. Ағам үшін аяққа тұрдым. Себебі рөлде сол болды. Ағамның еңсесі түспесін дедім”, – деп ағынан жарылды Тамара.

Көпшілік Тамара жол апатына дейін тұрмысқа шыққан деп ойлайды. Алайда әншінің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Ол қаланың жігіті, мен ауылдың қызы едім. Өмірден ерте кетті, небәрі 30 жасында. Өзі өте қызық адам, мені өмірге қатты бейімдеді. Жол апатына ұшыраған кезімде Самат қиын жағдайға түсіп, хабар ала алмаған. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Ал мен оны осындай жағдайға түскенімді естіп, келмей жатыр деп ойладым. Жарты жылдан кейін мені анасы іздеп келді. Жағдайдың бәрін көрді, қайтадан араласып бастадық. Мені орнымнан тұрғызған махаббат. Ол маған: “Көресің әлі, ұл туасың, қыз туасың”, – дейтін”, – деп еске алды Тамара Асар.

Жіберіп алмаңыз:

Маған қоқан-лоққы жасап жатыр: Меруерт Түсіпбаева Баян мен Бағымды сотқа бермек

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Тамара Асар философия ғылымдарының докторы атанды

Баян сұлудың рөлін сомдаған актриса лауазымды азаматтың қызы болып шықты

 

Талқылау