101 жастағы америкалық кейуана ақыл-ойдың ұшқырлығын сақтап қалудың құпиясымен бөлісті
101 жастағы АҚШ тұрғыны Дезире Энгель егде жасына қарамастан жұмыс істеуін жалғастырып келеді. Кейуана жас ұлғайғанымен, ақыл-ойдың ұшқырлығын сақтап қалу құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTTV басылымына сілтеме жасап.
Дезире Энгель Еуропада дүниеге келген. Алайда Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жұбайымен АҚШ-қа көшкен. Қазір ол Калифорния штатында тұрады және жеті шөбересі бар. Егде жасына қарамастан ол өз үйінде мүсін өнерінен жеке сабақ береді.
Өзінің 101 жасқа толуына орай әжей скрэббл ойыншыларына арналған клубта достары мен жақындары үшін кездесу ұйымдастырған. Скрэббл – әлемге танымал үстел ойыны. Мұнда ойыншылар сөз құрастыруы керек. Ойын "Эрудит" атымен де кең таралған.
“Скрэббл ойынының арқасында ми жұмысы жақсарады. Керек болса, сіздерге де үйрете аламын", - деді ол берген сұхбатында.
Сонымен қатар Дезире Энгель өмірден ләззат алып, жағымсыз оқиғалардың пайдалы тұстарын көруге тырысқанын айтады.
"Егер өмір сізге лимон берсе, лимонад жасаңыз. Бұл – менің ұстанымым", - деді ол.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
