Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мың рубль: Әлеуметтік желіде қазақ әйелдері орыстарға жалған некеге тұруды ұсынды

TikTok әлеуметтік желісінде қазақстандық әйелдер ресейліктерге Қазақстан азаматтығын алу үшін олармен жалған некеге тұруды ұсынатыны туралы видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер сен Қазақстанға келген болсаң, мен сенің азаматтық алуың үшін 100 мың рубльға жалған некеге тұруға дайынмын",- деп жазылған қазақстандық әйелдердің видеоларында.

Қазақстандық ер адамдар да осындай хабарландырумен видео түсіре бастаған, тек олардың бағасы ресейлік әйелдер үшін 400 мың рубльден басталады.

Қазақстандық егде жастағы әйелдердің ресейліктерге 10 мың доллардан 100 мың долларға дейін жалған некеге тұруды ұсынатын бейнежазбалары әлеуметтік желіде таралып жүр.

Осы ретте TikTok блогерлерінің бірі Ресей президентіне үндеу жасап, Қазақстанға келуі үшін әйелдерді де әскери жұмылдыру қатарына қосуды сұрады.

"Құрметті Владимир Владимирович Путин, сіз өз үндеуіңізде орыс әйелдері де әскерге шақырылады деп айта аласыз ба, өйткені Қазақстанда бізге тек ер адамдар келеді, әйелдер де келгенін қалаймыз", - деп жазды қолданушылардың бірі.

 

Талқылау