Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мың долларлық Lexus: Алматы полициясы басшысының орынбасары бастығының әйеліне көлік сыйлағаны туралы ақпарат тарады

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев бастығы Арыстанғани Заппаровтың әйеліне құны шамамен 100 мың доллар тұратын Lexus LX 600 көлігін сыйға тартқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Осыған дейін "Республика" газетінде "Басшының әйеліне Lexus LX 600: полицейлер бір-біріне не сыйлайды" деген мақала жарияланған еді. Осы мақалада Ержан Ұзабаев Арыстанғани Заппаровтың әйеліне қызмет бабымен жоғарылау үшін қымбат көлік сыйлағаны айтылған.

Алайда Арыстанғани Заппаров бұл ақпараттың жалған екенін және оның жеке беделін түсіруге бағытталғанын мәлімдеді.

"Бұл материал менің ар-намысыма, абыройыма және іскерлік беделіме нұқсан келтіреді. Сондықтан мен сотқа жүгіну қажет деп есептеймін", – деді ол.

Сонымен қатар Заппаров шынайы ақпарат берудің маңызына тоқталып, журналистік этика қағидаттарын сақтауды және БАҚ өкілдерін жарияламас бұрын фактілерді мұқият тексеруге шақырды.

Ал Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Арыстанғани Заппаровтың ұстанымын растап, жалған ақпарат тарату этикалық нормалар мен стандарттарды бұзу болатынын атап өтті.

Талқылау