10 айлық бала лаваш пен фри жегеннен соң ішегінен айырылды
Фото: Pixabay.com
Ташкентте 10 айлық бала лаваш пен фри жегеннен ішектерінің бір бөлігін алып тастау үшін шұғыл ота жасау керек болды. Дәрігерлер фастфудтың сәбилер үшін қауіпті екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nuz.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ташкенттегі ауруханалардың біріне 10 айлық бала жедел ішек қабынуымен жеткізілді. Сәбидің ауыр халіне лаваш пен фри жегені себеп болған.
Баланы Ташкентке алып бара жатқан келіншек жолда фри мен лавашты шайнап берген. Көп ұзамай нәрестенің жағдайы күрт нашарлады.
Дәрігерлер балаға жедел хирургиялық араласуды қажет ететін қауіпті ауру – ішек гангренасы деген диагноз қойды. Органның зақымдалған бөлігін алып тастағандықтан ол алты ай стомамен яғни жасанды ішекпен жүреді. Алты айдан кейін ішектерді қалпына келтіру үшін тағы бір ота қажет болады.
Дәрігерлер ата-аналарды балалардың ішектері мұндай ауыр тағамды сіңіруге әлі дайын емес екенін айтып, сәбилердің диетасына өте мұқият болуға шақырады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ